Сапарбаев Ақтөбе жайлы: “Масқара ғой мынау!”

Ақтөбеде қоқысқа көмілген қаланы көруге аймақ басшысының өзі шықты, деп хабарлайды  ktk.kz тілшісі.

Кабинетінде отырып байқамаса керек, облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев үйілген қалдықты көріп таң қалды.

 – Бір қоқыс қалмасын. Тазартыңдар. Мынау масқара ғой!

Ақтөбедегі көп қабатты тұрғын үй аулаларында қоқыс бір ай бойы шығарылмаған. Өйткені бірнеше жылдан бері тазалыққа жауап беретін комуналдық мекеме қазынадан бөлінетін ақшаның аздығын айтып қызметін тоқтатыпты.

Екінші жекеменшік компания жұмысшыларын таратып жіберген. Қалалық әкімдік ақыры тендер жариялап, он компанияны қоқыс шығаруға жүктейді. Бірақ арнайы көлігі жоқ фирмалардың ісі өнбей жатыр. Контейнерлерді көтеретін көлігі жоқтары Камазбен тасуда. Оның өзінде қалдықтарды жан-жағына шашып кетеді екен. Тұрғындар қоқысты бұлай тазаратқаннан үйіліп тұрғаны жақсы еді деп отыр.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған