Министрлік: “Жергілікті әкімдіктер мұғалімдерді мәжбүрлемесін!”

Білім министрлігі жергілікті шенділер қорқытып тастаған мұғалімдерге араша түсті деп хабарлайы ktk.kz  тілшісі.

Айтуларынша, жер-жердегі білім басқармасындағылар біліктілікті арттыруға арналған тестті тапсыра алмасаң, шара қолданамыз деп ұстаздарды үркітіп жатыр екен. Бірақ, министрлік педагогтарға әлімжеттіктен сескенбеуге кеңес берді.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: -Ұлттық біліктілік тестіне қатысу  категория алу әркімнің өз еркі. Ешкім оған мәжбүрлемейді. Және мұғалімдер өте алмай қалса, оған ешқандай шара қолданылмайды.  Сол тесттен құласа қайта қараша айында тапсыра алады. Ол да ақысыз. Ешқандай қиындықтар болмайды.

Ал тестілеудің өзі екі аптадан кейін басталады. Оны тапсыруға 60 мыңнан астам мұғалім ниет білдіріпті. Сынақтан сүрінбей өткендерінің жалақысы 50 пайызға дейін өседі. Ал, оған дейін яғни, мамырдың 15-і күні елімізде жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы болады.

Білім министрлігі бұл күні оқушылардың әке-шешесін жұмыстан ертерек босатуға шақырды. Онда оқу бағдарламасын өзгерту мәселесі айтылуы мүмкін. Өйткені, шенеуніктер ұл-қыздардың миын ашытатын үй тапсырмасын азайтуды ойлап отыр. Айта кетерлігі, түлектер тапсыратын тесттің форматы биыл өзгеріссіз қалды. Ал, көп шығын кететін мектеп бітіру кешіне қатысу қатыспау ата-ана мен оқушылардың өз еркі деді Білім министрі.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған