Ә.Қосановтың Нұр-Отанға төрт ұсынысы. Қолдай ма екен?

“Нұротан” “Менімен қазақша сөйлес” акциясын бастапты.

Мемлекеттік тілді насихаттайтын, күшейтетін кез келген шараны қолдаймын. Бірақ бұл қадам науқаншыл әрі популистік боп қалып, соңы сиырқұйымшақтанып кетпеуі тиіс!

Осыған қосар төрт ұсынысым бар.

Бірінші, осы партияның басшысы, яғни елбасы елдегі басқа партиялар мен қозғалыстар өкілдерімен кездесіп, елде қалыптасқан ахуалды талқылауды таза қазақ тілінде жүргізсін!

Екінші, тек қана “Нұротан” мүшерелінен тұратын парламент, үкімет, барлық министрліктер мен әкімдіктер бүгіннен бастап тек қана қазақша мәжіліс өткізіп, бір-бірімен тек қазақша сөйлессін!

Үшінші, жер-жерде еңбек және әлеуметтік талап қойып, ереуілге шығып жатқан еңбекшілермен сол кәсіпорындардың қожайындары – олигархтар да таза қазақша келіссөздер жүргізсін!

Төртінші, өз пікірін білдіру үшін көшеге шығып жатқан азаматтарды тұтқынға алып жатқан полицей, соттар да ел алдына шығып, қазақша ақталсын!

ФБ жазбасынан

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған