Орысша жаңалықты акценті бар қазақ жүргізсе…

Орыс тілінің рахатын да көрдім, қиындығын да бір кісідей көрдім. Орыс тілін құрметтеймін. Тіпті орыс прозасын жақсы көріп оқыдым да. Әлі де оқитын шығармын. Орыс тіліне рахмет.

Бірақ орыс тіліне қатысты өз саясатымыз болуы керек. Бәрібір ол біздің тіл емес.

Бір ғана ұсыныс: орысша жаңалықты акценті бар қазақ жүргізсе? Қазақтың акцентін қайтару керек. Сонда акценті барлар ұялмай сөйлейтін болады. Орысша нашар сөйлеу қалыпты нәрсеге айналуы керек. Бұл мемлекеттің тұтастығы үшін де пайдалы ғой. Қазақша сөйлейтіндер орысша ұялмай сөйлесе, одан кейін орысша сөйлейтіндер де қазақша шатып-пұтып сөйлей бастаса. Оларға да жақсы қарауымыз керек, негізі, уа қазақтар? Оларды әбден зәрезап қылғанға ұқсаймыз.

Негізгі ұсыныс жаңағы.

Арман ӘЛМЕНБЕТ
ФБ жазбасынан

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған