Назарбаев сұғанақ шенеуніктерді аямауды талап етті

Кеше Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын Ақордаға шақыртқан президент күрестің тың жолын ойлап табуды тапсырды, деп хабарлайды  ktk.kz

Өйткені, қатардағы шенеуніктерден бастап әкім, министрлерге дейін қарпып қалуын доғарар емес. Еліміздің бас кабинетіне қалың құжат алып келген Алик Шпекбаев болса, Елбасыға олармен қалай күресіп жатқаны жайлы есеп берді. Осы жерде мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін айтты. Сол кезде жемқорлық жойылады деген үміт бар. Десек те, талай лауазымды шенділердің түрмеге жабылып жатқаны  ешкімге сабақ болар емес. Сондықтан Назарбаев қазына қаржысына қол сұққандардың шені мен шекпеніне қарамауды талап етті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: -Жемқорлыққа қарсы күрес бұрынғыдан да күшеюі керек. Әр жерлерде. Ең алдымен мониторинг жасап, басқа манау нарықтық әдістермен,қарым-қатынасты цифрлыққа өзгертетін болсақ, жемқорлыққа жол болмайды. Екінші жағынан жалақысын көтеру керек. Үшінші жағынан талап қою керек алдына тиісті.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған