Астанада жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме?

Астанада жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Қоғамда қызу талқыланып жатқан автобус билет құнына қатысты елорда әкімі Әсет Исекешев түсінік берді, деп хабарлайды 31 канал.

Исекешевтің айтуынша, Астанада соңғы төрт жылдан бері бірде бір рет тариф көтерілмепті. Әкім «екі рет девальвация болып, жанармайдың қымбаттап, инфляцияның өскеніне қарамастан автобуспен жүру билетін сол күйінде ұстап отырмыз» – деп ақталды. Ал, мәслихаттағы отырыста автопарктер жолақыны 500 теңгеге дейін көтеруді ұсыныпты. Бірақ қоғамдық кеңесте 200 теңгені бекіткенімен, әлі талай талқыланады екен. Биыл баға өспейді деген әкім, төлем картасы бар жолаушылар бұрынғыдай 90 теңге төлеп жүре береді деп отыр. Ал, қолма-қол ақшаға билет 180 теңгеге сатылмақ. Исекешев Астана толықтай төлем картасына көшіп, кондукторлардан құтылса, қоғамдық көлік саласындағы пайданы көбейтеді деген сенімде.

ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ, Астана қаласының әкімі:

– Меніңше, кез келген жолаушыға қолма қол 180 теңге төлегеннен гөрі, төлем картасын сатып алып, екі есе арзан 90 теңге төлеген тиімді. Біз қазір төлем кеңселерін көбейтіп жатырмыз. Жұмыстар реттелсе, шілденің ортасынан әр тұрғын карта сатып алатын болады.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған