Менингиттің алғашқы белгілері мен жұғу жолдары

Менингит тек қана ауа тамшылары арқылы жұқпайды, деп хабарлайды 31 арнал.

Ол ең алғашқыда суық тиген немесе тұмау сияқты басталады.

Менингиттің алғашқы белгілері:

Дене қызуының көтерілуі (39-40 градустан жоғары);

Бастың, шекенің қатты ауруы;

Жүрек айнып, іш ауырып, құсу;

Мойын ұйып, желкенің тартуы;

Алақан мен өкшенің бөртуі;

Менингит жұқтырған науқастың дене қызуы көтеріліп, басы солқылдап ауырып, жүрегі айнып, жиі құса бастайды. Мойны ұйып, желкесі тартуы мүмкін. Сондай-ақ алақаны мен өкшесіне бөртпе қаптайды.

Менингиттің жұғу жолдары:

Жөтелгенде, түшіргенде, сөйлескенде;

Өзен, су қоймалары, бассейндерден;

Жуылмаған қол, тағам арқылы;

Кене шағуынан, үй жануарлары арқылы;

Менингит жаныңызда тұрған адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы жұғады. Суға шомылған кезде, жуылмаған қол, таза емес тағамдардан тарайды. Ауруды кене мен үй жануарларынан да жұқтыру қаупі басым.

Менингококты инфекцияның алдын-алу жолдары:

Адам көп шоғырланған жерлерге бармау;

Қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу;

Жақсы тамақтану;

Бөлмені күніне кемінде екі рет желдету;

Қолды сабынмен 20 секунд мұқият жуу;

Менингококты инфекцияны жұқтырмау үшін жабық супермаркет, концерт, жиналыс сияқты адам көп шоғырланатын  жерлерге бармай, қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу қажет. Жақсы тамақтанып, бөлмені желдетіп тұру керек. Қолды мұқият жууды да естен шығармаған жөн.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған