Қытайдан алған несиені Қазақстанның қайда жұмсайтыны белгілі болды

Қазақстан Қытай арасында құны 13 миллиард долларға жететін 13 келісімге қол қойылды, деп хабарлады ktk.kz тілшісі.

Шығыстағы көршіміздің ірі компаниялары елімізге инвестиция құюға құлшынып отыр. Қытайда  мемлекеттік сапармен жүрген Елбасы олардың әрқайсымен кездесіп, елімізде кәсібін дөңгелетуге кеңес берді

ЛИ ШАНЬШУ: ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: -Біз сізді өзара “жолдас Әбішұлы” деп атаймыз. Өйткені,  Қытайда бір-бірімізді құрмет ретінде  осылай шақырамыз. Екі ел басшыларының достығы арқасында қарым- қатынасымыз  бұдан да жақсаратынына сенемін.

Қарым-қатынастың дамуына Қазақстан да мүдделі. Бірақ, қарым-қатынасты жандандыру үшін ең алдымен әлемде тұрақтылық керек. Әсіресе, ірі державалар арасында.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: -Учитывая внешние ссоры, когда в мире глобальная система рушится и интеграция слабеет, согласия между великими державами нет, выполнение поставленных задач будет сложным как вне, так и внутри.  За короткое время решить те задачи, которые поставлены, невозможно. Стране нужна стабильность.

Ресми кездесулер аяқталған соң, Назарбаев волгага ұқсас, қытайдың  қара түсті көлігіне мінді. Елге инвестиция тарту жайын сөз етті. Сол мақсатпен тасы өрге домалаған Қытайдың алпауыт бизнесмендерімен жолықты. Осы жерде Қытай даму банкі мен «Си ЭнПиСи», «Chaina General», «Chaina Petrolium» секілді компаниялардың басшылары, Қазақстанға миллиардтап қаржы құйуға дайын екендігін білдірді. Әсіресе, мұнай-газ,телекоммуникация, көлік, авиация мен ауыл шаруашылығы саласына. Елбасы Қазақ еліне капитал әкелетін кез-келген инвесторға қолайлы жағдай жасалатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: -Казахстан сегодня это новая возможность. Страна имеет большой потенциал для ведения выгодного бизнеса. Во первых на постоянной основе ведется работы по улучшению инвестиционного климата, легализуется законодательство в сфере предпринимательство.

Бұдан соң, елімізге инвестиция құйып, мол пайда табуды көздеген кәсіпкерлер тіптен құлшынып кетті. Келіссөз барысында құны 13 миллиард доллардан асатын 40-тан астам коммерциялық құжат бекітілді. Қазақстан да қарап қалмады. Шығыстағы көршісіне ет пен астық экспортын арттыруға келісті. Әрі еліміз Қытайдан біздің ақшаға шаққанда 118 миллиард теңгені құрайтын несие алғалы жатыр. 20 жылда кері қайтарылуы тиіс қомақты қаржы, шекара бекеттерін жаңартуға жұмсалмақ. 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған