Депутаттар асыға күткен жазғы демалысқа кетті

Депутаттар асыға күткен жазғы демалысқа кетті, деп хабарлайды ktk.kz тілшісі.

Бірақ,  каникул алдында Үкімет мүшелеріне бір қатар ескерту жасап тарқады. Депуттардың бұлайша мәз-мейрам болуы бекер емес. Алда оларды демалыс күтіп тұр. Сондықтан барлығы каникулға шығатын оқушылар секілді қуанып жүр.  Сөйтіп, үшінші сессияда халық қалаулылары жүзден астам заң жобасын қарап, 84-ін қабылдаған. Кемшіліктер де жоқ емес. Әсіресе, жиынға шақыртылған премьер Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері сөз естіп тынды. Өйткені, шенеуніктер парламентке шикі заң жобасын алып келуді әдетке айналдырған.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ: – Салық кодексіне енгізілген өзгерістер тіпті рекордтық жағдайға жетті. Осы кодекс бойынша тек Мәжілістің өзінде ғана 5 мыңнан астам техникалық және корректорлық өзгерістер енгізілді. Сондықтан заңдардың сапасы жоғары деңгейде болуы үшін, Үкімет заң жобасын жоспарлау және әзірлеу, тиісті органдармен келісу кезінде жан-жақты жұмыс істеуі керек!  Мәжіліс спикері айтқан кемшілікті жоюға министрлер кабинетінің енді екі ай уақыты бар. Ал, бірлескен отырысты небары жарты сағатта аяқтаған депутаттар болса, көптен күткен каникулға шықты. Биыл көбі шетел асып теңізге бармаймыз деп отыр. Оның орнына отандық туризмді дамытпақ.

НҰРТАЙ СӘБИЛЯНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ: – Қазақстанның ең керемет көлі, Алакөлге демалуға шақырамын. Мен де сол жерге барып демаламын алықтың ортасында қарапайым азаматтармен демалып,еліміздің қалай дамып жатқанын қандай кемшіліктерін барын өз көзімізбен көруіміз керек.

МАЙРА АЙСИНА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ: – Көбінесе өзіміз халыққа ақыл айтқаннан кейін, өзіміздің елде демалған дұрыс сияқты меніңше.

Осылайша, түрлі заң жобалары талқыға түсіп, тартысты жиынар өтетін отырыс залдары уақытша босап қалды. Бірақ, депутаттар демалысқа кетпес бұрын аймақтарды аралап, халықпен кездесулер өткізуі тиіс. Сөйтіп жұрттың мұң-мұқтажын тыңдап, келесі сессияда сол мәселені көтермек. Ал, жұмысқа халық қалаулылары 1-қыркүйекте бірақ оралады.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған