Шәміл Аляутдинов бай болудың құпияларымен бөлісті

Байлар қалтасына ақша түссе, оны көбейтуге тырысады. Сосын ол ақша пайда әкелгесін барып, айналымнан түскен пайданы жұмсайды. Ал негізгі ақша айналымда тұра береді. Кедейлер болса, қалтасына ақша түссе, дереу жұмсауға тырысады.

Байлар ешқашан дүңкиген джип, дәу коттедж алмайды. Себебі, оларды ұстап тұруға кететін шығын байлардың төбе шашын тік тұрғызады.

Байлар үшін үнемі ақша әкеліп тұратын механизм маңызды.

Ислам – байлыққа теріс қарамайды. Керісінше, байлыққа үндейді. Себебі, мұсылманның міндетті бес парызы зекетсіз толық болмайды. Ал зекетті тек байлар береді. Өзі бай, өзі мұсылман адамның қоғамға пайдасы бәрібір көбірек.

Ақшаға құрылған, байлыққа құрылған кез-келген мақсаттың түпкі сұрағы “Не үшін?” деген маңызды өзекке байлануы керек! Онсыз мотивация болмайды. Ал мотивациясыз мақсатқа жете алмайсыз.

Байлықтың схемасы=Мақсат-Цифрмен қанша?-Мерзімі қашан?-Не үшін? Осының барлығы міндетті түрде қағазда жазулы тұру керек!

Хадис: “Мұсылман біреуден мал-мүлік сұраса – өзіне кедейліктің есігін ашады”.

Өмірде бірдеңе өзгерткің келсе, өзгер!

Мен де (Шәміл) ештеңе істегім келмейді, бірақ онсыз ештеңе жоқ болған соң жаттығуды да, барлығын да жасаймын. Сондықтан, тер төгу керек!

Өле қалсаң да кредит алма! Кредит алдың екен, жеделдетіп төлеп бітіруге ұмтыл!

Мақсатқа жету үшін сенің арманың брондалған танк сияқты болу керек. Себебі, ол жолда кездесетін қиындық пен кедергі өте көп болады.

Әрбір кеткен шығынды есептеу керек.

Тоқетері: не қалайсың? Үйрен де қолдан!

Тимур Бектұрдың ФБ жазбасынан алынды

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған