Бізге Ресей мен Қытайдың біреуін таңдау керек емес, ол құлдың таңдауы

— Қалай ойлайсыз, Қазақстанға Қытаймен жақындасу қажет пе, әлде Ресеймен бірге болған жөн бе? деген сұраққа Айдос Сарым келесідей жауап беріпті:

— Жалпы, мен бізге Ресей мен Қытайдың біреуін таңдау керек дегенге қарсымын, ол құлдың таңдауы.

Қожайын іздеу немесе біреудің көлеңкесінде болуға ұмтылу дұрыс дүние емес. Өзіміз жақсы, лайықты өмір сүре алсақ, неге біреудің көлеңкесінде болуға ұмтылуымыз керек. Мемлекет, ел ол көтеріп апарып, Еуропаға немесе Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттің қасына апарып қоя салатын сандық емес. Әлбетте, біз осы аталған мемлекеттермен достық қарым-қатынасты болуымыз керек.

Мәселен, Қытайдың маңында оннан астам ірі және шағын мемлекеттер орналасқан, атап айтқанда, 100 милионнан астам халқы бар Вьетнам, Жапония (125 млн), екі Корея (90 млн). Десек те, әлемде ҚХР-дан қорқатын бірде бір ел жоқ

Қытай нарығы көмірсутегінің, еттің, азық-түліктің кез келген мөлшерін жұтып қояды. Ал Қазақстан үшін бұл  өте тиімді, пайдалы қасиет. Осы орайда, Қытаймен жақсы қарым-қатынаста болып, жақын көрші ретінде тату-тәтті өмір сүре білудің маңызы өте зор. Алайда әзірге бұл біздің қолымыздан келмей отыр. Аспанасты еліне қатысты біздің барлық үрей, қорқынышымыз тарихпен негізделген немесе қытайлықтардың бәсекелестерімен, оның ішінде, ресейліктермен және тағы басқаларымен таңылған.

Олар бізге бүй дейді: «Егер біз болмасақ, Қытай сендерді баяғыда-ақ жұтып алушы еді». Міне, осының өзі нағыз сандырақ емес пе!

Атап айтарлығы, соңғы 35 жылда Қытай ешкіммен соғысқан жоқ. ҚХР біреуді басып алса, ол оны асықпай, жәйлап, ұзақ уақытта экономикалық тұрғыдан басып алады. Осы орайда, естеріңізде болса, Ресей соңғы 10 жылда екі мемлекетпен соғысып үлгерді. Бұдан бөлек, көптеген елдермен қырғиқабақ және ақпараттық соғыс жағдайында отыр.

Сондықтан мұндай жағдайда кімді таңдау керек екендігі белгілі сыңайлы. Тек біз өз отандастарымыздың құқықтарын аяқасты қылмауымыз керек. Қытайда қазақ өте көп тұрады, ал олардың күнделікті тұрмысында шешімін таппай жатқан қиындықтар жетіп-артылады.

Сонымен қатар, біз осындай көршіден экономикалық пайда көру мүмкіндігін тиімді пайдалануымыз керек. Басқа тұрғыдан алғанда, өз басым қытайлықтарды біздің жерге немесе біздің қандай да бір жобаларымызға кіргізуге қарсымын.

Қытай — ұлан-ғайыр ел, алпауыт өркениет, оған ешкімнің қажеті жоқ, ол ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес. Қытайлықтар Қазақстанға өзінің экономикалық мүдделерін жүзеге асыру үшін кіруге ниетті.

Шынын айтсақ, кіріп те алды — мұнайдың 30 проценті солардың қарауында.

Жалпы, олар елімізге жаман кірген жоқ. Бірақ кейбір жолдастар сияқты «ойбай, бәрі бітті! Құритын болдық» деп, байбалам салып, оған үрке қараудың да реті жоқ.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған