Атып тастау керек пе? Қызылордада 3-сынып оқушысын зорлаған күдікті ұсталды

Қызылорда қаласындағы саяжайлардың бірінде 3 сынып оқитын қызды зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтіріп кеткен күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға облыс орталығындағы саяжай аймағының бірінде орын алған.

«Қазір орын алған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен және 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қалған мәліметтер Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деп жазылған облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық балалар ауруханасының бөлім басшысы Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, қазір қыз баланың жағдайы бірқалыпты. Ауруханаға алғаш келген сәтте жағдайы ауыр болатын. Дереу жансақтау бөліміне жатқызылған қыз балаға ота жасалған. Қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Жәбірленуші психолог мамандардың бақылауында. Оның қасында Ақтөбеден келген әжесі, Астанаға табыс табуға кеткен әкесі бар.

inform.kz

Post Author: admin

1 thought on “Атып тастау керек пе? Қызылордада 3-сынып оқушысын зорлаған күдікті ұсталды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған