Мынаны қара! Бишімбаевтың үйі енді Мәдениет үйіне айналмақ

“Ақша жымқырды” деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың  жекеменшік коттеджі Ақмола облысындағы Қосшы ауылдық әкімдігіне берілмек. Бұл туралы “Еуразия” арнасы хабарлап айтты.

Сөйтсек, әлгі ауылда Мәдениет ошағы жоқ екен. Бишімбаевтың дәу үйі енді әкімдікке беріліп, жергілікті басшылар сол кемшіліктің орнын Қуандықтан қалған үймен толтырмақ көрінеді.

“Бұл біздің ең қымбат нысанымыз болады”,- деп қуанған ауыл әкімдігі бұл жекежайды мәдениет үйіне айналдырмақ. Ал, прокуротура өкілдерінің айтуынша, бұл үй кезінде 60 млн.теңгеге салынған.

Негізінен, Бишімбаев  бұл үйді аңшылық үшін тұрғызған екен. Ал, нысан оның енесінің атында болған.

Еске салсақ, экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Және ол өмір бойы мемлекеттік қызмет істей алмайды.

Abai.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған