«Ол орала ма?». Тасмағамбетовтың рейтингі тағы күшейіп келеді

Соңғы бірнеше жылдан бері шенділер рейтингінің көшбасшылары өзгерер емес. Кәрім Мәсімов барлық көрсеткіштер бойынша барлығын шаң қаптырып келеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков «Стратегия» қоғамдық қоры дайындаған басқарушылар рейтингінде бірнеше жылдан бері көш басында келеді, деп хабарлайды kaz.365info.kz порталы. Аталмыш рейтинг сарапшылар бірнеше санаттар бойынша баға қойған сауалнама негізінде дайындалды.

2018 жылдың екінші тоқсаны елдің саяси аренасында орын алған бірнеше өзгерістермен есте қалды. Елімізде тағы бір,  яғни, 17-ші аймақ пайда болды. Шырайлы Шымкентіміз республикалық бағыныстағы қала мәртебесіне ие болса, ежелгі Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орнына құрылған жаңа Түркістан облысының орталығына айналды. Дін істері және азкаматтық қоғам министрлігі қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Дегенмен бұл өзгерістер рейтинг нәтижесіне соншалықты қаты әсерін тигізе қойған жоқ.

Чемпиондар алдына жан салмауда

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов ешкімге дес берер емес – ол көш басынан түсер емес.

(1 орын; 5,36 балл).

Ол барлық үш номинация бойынша 5 баллдан жоғары баға алған: беделділік – 5,68, тиімділік — 5,05, болашағы – 5,36.

Екінші көшбасшы — ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков (2 орын; 4,83 балл).

Бұл жұп біраз уақыттан бері рейтингті бастап келеді.

Кәрім Мәсімов Ұлттық қаіпсіздік комитетінің басшылығына келгеннен бері (2016 жылғы 4 тоқсан) бірінші орыннан түскен емес.

Осы уақыт ішінде, оның ықпалдылығы 7 мүмкіндік бойынша 5 баллдан төмен болған емес.

Егер 2018 жылғы бірінші тоқсанда сарапшылар негізінен оның болашағы мен беделділігіне басымдылық берсе, екінші тоқсанда оның беделі асқақтай түсіпті. Атап айтарлығы, кейбір сарапшылар оны ықпалдылығының артқанына назар аударыпты:

— Бүкіл ақпараттардан хабардар ол үн-түнсіз, ешкімге жар салмай, өзінің ықпалдылығын арттыра түсуде.

Басқалары басқару ісіндегі оның жүйелігі мен жинақылығын мойындауға мәжбүр:

— Ол жүйелі ойлауға қабілетті адам. Ол элитадағы кез-келген адамның алдын орап кетеді.

Рейтинг авторлары Мәсімов бірте-бірте өзінің қоғамымыздағы «сұр кардинал», элитадағы екінші адам ретіндегі рөлін нығайтуда деген пікірде.

Қазірдің өзінде ол ішкі элиталық тепе-теңдікті ұстап отырған адамға айналды. Бұрын бұл міндетті Нұртай Абықаев атқарып келген.

Екінші көшбасшы — Әділбек Жақсыбеков өзінің екінші орынын 2017 жылдың екінші тоқсанынан бері сақтап келеді.

Ол беделі 5 баллдан түспеген (осы сауалнамада – 5,18 балл жинады) аз ғана басқарушылардың бірі.

Дегенмен басқа номинациялар бойынша оның ұпайы біршама төмен. Сарапшылардың айтуынша, «ол әзірге барлық бақталастарын жеңе алған жоқ, бірақ оның психологиялық шаршауға ұшырағаны байқалады».

Елші елге орала ма?

2018 жылғы екінші тоқсанда 48 басқарушының арасынан тек 13 саясаткер ғана 4-тен жоғары, бірақ бес баллдан төмен ұпай жинапты.

Үшінші орынды Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы алқасының төрағасы Тимур Құлыбаев (4,68 балл) уысынан шығарар емес.

Бірақ басқа санаттар бойынша Құлыбаевтың бағаларын төмендетіп алғаны бірден көзге ұрады: беделділік -0,5, тиімділік -0,3 және болашағы -0,6.

Есесіне, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов өзінің көрсеткіштерін күшейте түсті. Екінші тоқсанда ол бесінші орыннан үшінші-төртінші орындарға (4,68 балл) көтерілді.

Сарапшылар оның қайтадан басшылық қызметтердің біріне қайта келуін де жоққа шығарып отырған жоқ:

Кей дереккөздер ол ел басшылығындағы негізгі лауазымдардың біріне келуі әбден мүмкін деп отыр.

Есімов те еңсесін түсірер емес

4,67 балл жинаған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов көрсеткішін бір сатыға төмендетіп, 5 орынға жайғасыпты. Дегемен сарапшылар оның бір жылдан бері біріші бестікте екенін және оның беделділігінің жоғары екенін (5,18 балла) алға тартуда.

Сарапшылар пікірі бойынша, Есімов түрлі мүдделер тоғысқан тартысы көп аймақта отыр, ал бұл оңай шаруа емес

Ал сарапшылардың бір бөлігі оны «әлеуетті премьер» атап, Ахметжан Смағұлұлының болашағы мол саясаткер екенін алға тартты.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған