«Сағынтаев бәрін біледі…» Күзде үлкен ауыс-түйіс болғалы жатыр

Дәстүрлі күзгі кадрлық ауыс-түйістер тек әкімдерге ғана қатысты болатын сыңайлы деп жазады  365info.kz порталы. Өйткені аймақтардағы қазіргі атқамінерлер президенттің тапсырмасын орындауға қауқарсыз болып отыр.

Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық-сараптамалық орталығының басшысы Сергей Рекеданың порталға берген пікірі осындай.

Іліп алар ешкім жоқ

— Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақ басшылары мен министрлер атына айтқан қатаң сын «тайға басқан таңба ма» әлде жергілікті атқамінерлерді бір сілкіп алу ма?

— Бұл сұрақтың дәл жауабын тек Қазақстан Республикасы президентінің өзі ғана білер. Бұл жыл сайын жаңа саяси науқанның алдында болатын дәстүр. Кадрлық ауыс-түйістердің қисыны тек Елбасының жақын үзеңгілестеріне – президент әкімшілігі, ҰҚК, үкіметке — ғана белгілі. Сондықтан қыркүйек-қазан айларында отставкаға жіберілген әкімдердің тізімі жаңа есімдермен толығуы ғажап емес.

Міне, бір жылдан бері Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Назарбаев тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауда ұстап отыр. Қазіргі таңда бұрнағы жылдардағыдай, көзбояшылыққа, алдартқатуға жол берілмеуде.

Сондықтан көш соңындағы әкімдерге орын алған кемшіліктерді жоюға бірнеше ай мұрсат берілген-ді. Бірақ осындай қысқа мерзімде қордаланып қалған істерді атқарып, мәселелерді шешіп, жағдайды түбегейлі түзеу мүмкін емес сыңайлы. Осының барлығы, қазірден бастап өңір басшыларының жаңа кандидатураларын қарастыруға пәрмен беріп отыр.

Айтпақшы, атап айтар дүние, әкімдердің өздері де ойын тәртібінің өзгергенін байқап, өз жұмысына іспен ғана емес, сондай-ақ сөзбен де «салмақ» беруге тырысып бағуда.

Сондықтан өзінің пиар-кампаниясын сауатты ұйыдастыра алған әкімдер көш бастаған түрлі «тиімділік рейтингтері» пайда болып, өтімділікке ие болуда.

— Ашығын айтсақ, болашақ өзгерістер тек аймақтық деңгейде болады демексіз бе?

— Солай болатын сыңайлы. Егер Сағынтаевтың соңғы баяндамаларының мәтінін мұқият оқысаңыз, аймақтық шенділердің қайсысы мемлекет басшысының тікелей нұсқауларын орындамағаны үшін жауап тартатынын анық байқауға болады. Осы орайда, тағы бір өзекті мәселе туындайды. Қазіргі таңда Ақорданың асып бара жатқан таңдауы да жоқ, бүгінгі күні алдыңғы шендіге қарағанда, тиімді жұмыс істейтін атқамінер табу да оңай шаруа емес.

Дереккөз: 365info.kz 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған