Ешкім күткен жоқ. Астанада орыс сыныптарына қатысты жаңа ереже енгізіледі

Астана әкімдігі  мектептеріндегі орыс тілді сыныптарды  кезең-кезеңмен   қазақ тілді сыныптарға айналдырмақ, деп хабарлайды ktk.kz  тілшісі. Бұл ата-аналардың ұсынысымен жүзеге асқалы отырған жаңа жүйе екен.

Әнуар Жаңғозин, Білім беру басқармасының басшысы: -1-сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайыз орыс тілінде және 30 пайыз қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілі толық мемлекеттік тілге көшірілетін болады. Жаңа оқу жылында осындай сыныптарды 60 лицей негізінде ашпақпыз.

Бұдан бөлек, астаналық екі  мектеп сабақта электронды оқулықтар қолдануға көшеді. Және 5 мектеп пен үш колледж шәкірттерді пилоттық жоба ретінде латын әліпбиімен  оқыта бастайды. Ұстаздардың еңбекақысы да көтеріледі деді атқамінерлер.  Елорда мектептеріндегі мұғалімдердің  орташа табысы  150 мың теңге болады. Және балабақшадағы тәрбиешілердің көмекшілеріне де 20 мың теңге қосылады. Өйткені, өзге өңірлермен салыстырғанда Елордадағы білім ошақтарында бала саны анағұрлым көп. Оның үстіне Астанада алдағы  5  жылда тағы 120 мың оқушы мектепке барады  екен.

Post Author: admin

1 thought on “Ешкім күткен жоқ. Астанада орыс сыныптарына қатысты жаңа ереже енгізіледі

    Ануар Сайдулин

    (08/25/2018 - 9:48 тд)

    Құптаймын. Дұрыс табылған жүйе. Тек табандылық пен бір ізділік керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған