Сарапшы: Тасмағамбетов пен Ахметов жақында жаңа қызметке келеді

Сарапшы Ербол Еділов өзінің YEDILOV ONLINE телеграм-парақшасында ел билігінің жоғары эшелонында жақын арада қандай өзгерістер болатынын болжайды.

«Кей дереккөздердің ақпараты бойынша, жақын арада билікте үлкен ауыс-түйістер жасаладыБұл жолы Астананың сол жағалауындағы негізгі фигуралар орын ауыстырадыҮкіметте ғана емес, Президент әкімшілігінде, Кауіпсіздік кеңесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сондай-ақ әкімдер корпусында да өзгерістер күтілуде»,

— деп бастаған Ербол Еділов ары қарай былай дейді:

«Көлік әлеуетін дамыту үшін батыстағы облыстардың біріне қазіргі Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек баруы мүмкінСонымен бірге, министрлікті «инвестиция және даму» және «көлік пен өнеркәсіп» деп екіге бөлу қажеттігі туындап отыр.

Елбасы Атырауда полиция туралы қатты айтты. Соған қарағанда, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 7 жыл, 4 ай отырған креслосын енді басқа креслоға ауыстыруы бек мүмкін!

Қаржы министрлігінде де өзгеріс боладықаржы министрі Бақыт Сұлтанов та кетуі керек.

Сонымен бірге, сенімді дереккөздер өткенде ғана Астанаға келіп кеткен Иманғали Тасмағамбетов жоғары эшелондағы бір шешуші лауазымға тағайындалуын күтіп отыр.

Серік Ахметов те жақын арада квазимемлекеттік сектордағы басқарушы қызметтердің біріне тағайындалуы мүмкін», — дейді сарапшы.

kaz.365info.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған