Алмас Өтешев: Допинг дауынан кейін кезінде мақтау айтып жүргендердің біразы теріс айналып кетті

Алмас Өтешев: Екі бірдей әлем чемпионатында жүлде алған­нан кейін өз-өзіме деген сенімім күшейе түсті. Сол аралықта Азия ойындарында  күміс медальді мойныма тақтым. Содан барлығымыз жатпай-тұрмай Олимпиадаға даярландық. Риодағы жарыс қарсаңында Жасұлан Қыдырбаев екеуміз нағыз бабымызда едік. Ғаламдық доданың бас жүлдесі қос қазақтың біреуіне бұйыратынына кәміл сендік. Бірақ қапияда Қазақстанның бір топ ауыр атлетіне «допинг қолданды» […]