Қырғызстанда тартыс енді ғана басталып жатыр. Қазақстанға әсері бар ма?

Басқарушы партияның басшылығына келген Атамбаев Жиэнбековке кәдімгідей сес көрсетті. Қызық енді басталғалы жатыр. Қазіргі президент оған не дер екен? Естеріңізге салсақ, 31-наурызда Қырғызстандағы ең ірі Социал-демократиялық партияның  (СДПК) съезі өткен. Шынын айтсақ, бұл 2018 жылғы көктемнің ең басты саяси оқиғасы, деп санайды «Содружество» баспасөз клубы. Кездесудің басты қонағы – республиканың экс-президенті, ҚСДП бүгінгі көшбасшысы Алмазбек Атамбаев болды. […]