Бекболат Тілеухан министрге: Ұрылар да, сатушылар да, полицийлерде өз жазасын алсын!

Бекболат Тілеухан: Оқыс өлім, қапыдағы қисынсыз жазым баламыздай-ақ жанның өлімі баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. 25 жыл ғұмырында өзін де, елін де әлемге танытып үлгерген Денис қазақ спортында із қалдырған ерен еңбек иесі еді. Ортаға өнерімен ғана емес, мінезімен сыйған жайдары жайсаң бейнесін еске алушыларда есеп болмай жатыр. Барша Қазақстан халқына, Денис ініміздің туыстарына қайғырып көңіл айтамын. […]