Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйріктері” атанғанмен, Жүрсіннің жекеменшік ақындары емеспіз

– Аға, Жүрсін аға кімдерге ренжіп жүр? – Осындай ыңғайсыз әңгіме туғаны рас. Бірақ Жүрсін ағамыз неге оны дінге байланыстырып айтқанын білмеймін. “Алтын домбыраның” алдында маған министрліктен хабарласып, байланысқа шықты. “Алтын домбыра” айтысына қатысуға ұсыныс жасады. Мен соңғы екі айтысқа қатыспағанымды айтып, үшіншісінен де бас тарттым. Содан кейін менен “қандай ақындар қатысқаны дұрыс?” деп сұрады. […]