М. Шаханов оқуларын жеңіп алған тәжік қызы: Мен ол кісінің өлеңдерін өте сүйіп оқимын

Мұхтар Шаханов оқуларында тәжік қызы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды shynyrau.kz Алматы арнасына сілтеме жасап. Қазақтың дара перзентінің шығармашылығына арналған республикалық байқау осымен 2-рет өтіп отыр. «Өскелең ұрпаққа ақын шығармашылығын дәріптеп, әсіресе, тіл тағдырын жете түсіндіру мақсатымыз», – дейді ұйымдастырушылар. Аталмыш сайысқа қатысуға барлығы 410 жеткіншек ниет білдіріп, олардың ішінен 95 бала бүгінгі байқауда бақ сынады. […]