Сарыағаштағы «зорланған бала» Астанаға баратын болды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева Сарыағаштағы «зорланған балаға» қайтадан кешенді және тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізіледі деп мәлімдеді. Уәкіл бұл туралы 15 наурызға қараған түні Шымкенттегі ОҚО ішкі істер департаментінің ғимаратының алдына шығып, журналистерге сұхбат берген кезде айтқан. Балиеваның сөзінше, бала құқықтары жөніндегі уәкілдіктің әр аймақта мониторингтік тобы бар. Аймақтағы топ баланың жағдайын анықтаған. […]