Адам жаны түсініп болмайтын құбылысқа толы ғой. Алматыда «Жалын» журналында проза бөлімінің меңгерушісі боп жұмыс жасап жүрдім. Өлгім келді. Өзімді алып қашып көп алдадым. Ішкі дүнием көнер емес. Ақыры мынау түкке татымайтын дүниеде өмір сүрмей-ақ қояйын деп шештім. Онда «Көк базардың» алдындағы «Алматыэнергоның» екінші қабатында отыратынбыз. Сенбі күні жұмысқа келдім. Келер алдында «Көк базардан» бір […]