«Ол орала ма?». Тасмағамбетовтың рейтингі тағы күшейіп келеді

Соңғы бірнеше жылдан бері шенділер рейтингінің көшбасшылары өзгерер емес. Кәрім Мәсімов барлық көрсеткіштер бойынша барлығын шаң қаптырып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков «Стратегия» қоғамдық қоры дайындаған басқарушылар рейтингінде бірнеше жылдан бері көш басында келеді, деп хабарлайды kaz.365info.kz порталы. Аталмыш рейтинг сарапшылар бірнеше санаттар бойынша баға қойған сауалнама негізінде дайындалды. […]