Қазақстан Тәжікстанға жылына 1 теңгеге жалға жер береді

Тәжікстан Астанада осы жерге дипломатиялық өкілдігінің ғимаратын салады. Бүгін сенат депутаттары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі. Келісімге 2010 жылдың тамызында Астана қаласында қол қойылған. Келісімге сәйкес тәжік тарапы қазақстандық тарапқа ҚР елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы Сомони даңғылы бірінші дипломатиялық […]

Тәжікстан құрлы жоқпыз ба? Енді фильмдердің ұятсыз тұстары көрсетілмейді

Тәжікстан билігі ел азаматтарын көгілдір экран арқылы тәртіпке салмақ болып отыр. «Тәжікфильм» киностудиясының хабарлауынша, енді көк жәшіктен көрсетілетін шетелдік және отандық фильмдердің «әдепсіз» тұстары қырқып, көрсетпейтін болады. Ал, фильмдегі «әдепсіз» сәттерді анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, телеарналар мен кинотеатрларда көрсетілетін кинолардың барлығын сараптамадан өткізетін болады. Айта кетейік, бұған ұқсас тыйым көршілес қырғыз елінде де енгізілген […]