«…Қазақ тарихын рухани жағынан жаңғыртып, тарихи тұрғыдан жазу үшін біз көшпенділік терминінен құтылуымыз қажет. Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер ХХ ғасырдан басталды десек, сол бір ғасырдан астам уақытта археологтар осы географиялық аймақтан тарихтың әр кезеңдеріне жататын құнды ескерткіштерді ашып, зерттеп, тарих ғылымына бұрын-соңды енбеген жаңалықтарды әкелді. Сондықтан осы жиналған бай артефактілерге негізделіп, түрік әлемінің жазылмаған тарихын […]